Мүсілім Өміраев «жеке кәсіпкерден 100 мың доллар пара алып, оның мемлекеттік тендерде жеңіске жетуіне көмектеспек болған» деп айыпталуда. Ал онымен бірге ұсталған Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі департаменттің бұрынғы басшысы Мақсұт Бақтыбаев жазадан оңай құтылды. Ол да былтыр ірі компания басшысынан 720 мың теңге пара алып жатқан жерінде қолға түскен еді. Жарты жыл тергеуден кейін судья: «Бақтыбаев жазасын 3 жыл шартты түрде өтесін» деген үкім шығарып, экс-шенеунік сот залынан үйіне қайтқан болатын.