"Ол вице-министр ретінде көп жылдардан бері жұмыс атқарып, барлық мәселелер бойынша хабардар", -деді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов, министрліктің ұжымына Ақылбек Күрішбаевты таныстыра отырып.
"Қазір біз азық-түлік қауіпсіздігі ең басты мәселе болып отырған кезеңінде тұрмыз, сондықтан осыған байланысты президент, үкімет және мен қойған мақсаттар қысқа мерзім аралығында шешілуі тиіс. Бірінші кезекті азық -түлік бағаларының негізсіз қымбаттауына жол берілмеу мәселесі тұр ", -деп атап өтті К.Мәсімов.
Ақылбек Күрішбаев 1961 жылы Алматыда дүниеге келді. 1983 жылы ауыл шаруашылық институтын бітірді, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы.
Түрлі жылдары кіші және аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді, Вильямс атындағы жер ҚазҒЗИ ғылым жөніндегі директорының орынбасары, А.Бараев атындағы бидай шаруашылығының ҚазҒЗИ директоры қызметін атқарды.