"Ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылдадым" - Тоқаев

Екі жыл ішінде бүгінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады. Осылайша, мемлекет миллионнан астам азаматтың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылатын болады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері пайда болады.

Бұл төрт миллионнан астам азамат үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, телемедицина дамытылады, ол шалғай аудандардың тұрғындарына білікті көмек көрсетуге жол ашады"