Ауыл тұрғынын сабап өлтірген полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты - БҚО


Оған жалпы режімді колонияда алты жыл жаза өтеу туралы үкім шығарылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сонымен қатар сотталған азамат полиция капитаны атағынан айырылды.
Іс материалына сәйкес, учаскелік инспектордың көмекшісі өз үйінде жұмыс істейтін Январцево тұрғыны мас күйінде оның қонақ бөлмесінде жатқаны үшін соққыға жыққан. Полиция қызметкері фельдшерді шақырғанымен, ол келгенше жәбірленуші көз жұмған.