Ауыл зейнеткерінде 50 млрд теңге бар екені облыс әкімін таң қалдырды

Жиын барысында Бәйдібек ауданы Ақтас ауылының тұрғыны, зейнеткер Байбек Шымырбеков өз қалтасынан облысқа 50 млрд теңге құюға ниетті екенін жеткізді. Бұл Жансейіт Түймебаевты қатты таң қалдырды деп хабарлайды Шымкенттегі ТВК телеарнасы.  

Бейнежазбада әкім мен зейнеткер арасындағы әңгіме былай өрбіген:

- 50 миллард сіздің ақша ма?

- Иә (сәл үнсіздік - ред.).

- Қайдан... Сізді біз бұрыннан білмейміз...

- Бірінші қазір... Федералдық қызметтен (нақты қандай қызмет екені түсініксіз - ред.) 200 миллиардқа дейін ақша өткізуге келісім алдым. 

- Онда Сізге бүкіл облыс риза болады ғой.


- Қазақстан де. 10 миллиардты Бауыржан Байбекке бердім.