"Шетелдік көлікпен Қазақстаннан Ресей жаққа бет алған Ресей азаматы мен екі Өзбекстан азаматы ұсталды. Иісшіл иттерді
пайдалану арқылы көліктің жүк тиейтін бөлігінде жатқан газ баллоны ішінен героин сақталған қап табылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Ұсталғандардың берген ақпараты бойынша, шекарашылар сондай-ақ, есірткі иесі болған Тәжікстан азаматын құрықтады. Барлық қолға түскендер Шығыс -Қазақстан облысының ҰҚК департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.