Ауылда тұратын ақынның жыр жинағының таныстырылымы болды - Қызылорда облысы


Ауыл ақыны кітабының аты да оның жыр шумақтарын халықтың қалың ортасында жүріп жазғанын паш етіп тұр. Ал жинақ аты «Төрт түлікті түлетіп жүріп жыр жазған» деп аталады.

Ауыл ақынының тырнақалды кітабының топшысы алынған кешке осындағы орта мектептің ұстаздар қауымы мен оқушылар, ауыл зайырлы ортасының өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты кешегі шаруаны шалқытқан еңбек адамының зейнетке шыққан жасында кітабын ұсынып, жыр жолындағы төккен терінің өтеуі қайтқанын көрсету болды. Кешке орай кітапхана қызмет­кер­лері сондай-ақ ауыл ақынының өмір жолы мен шығармашылығынан хабар беретін «Еңбекпен қаламын ұштастырып» атты кітап көрмесін де ұйымдастырды.