Ауылдастары олимпиада чемпионының абыройын асырды

ІІ жазғы Олимпиадасының жеңімпазы, Қуаңдария ауылының тумасы Бауыржан Жауынтаевқа құрмет көрсетіліп, арнайы салтанатты шара өтті. 

Онда аудан әкімі Н.Шамұратов олимпиада чемпионын құттықтап, аудан әкімдігі атынан қаржылай сертификат табыстады. Туып өскен жері, Қуаңдария ауылының тұрғындары да сый-сияпат жасады.

Шара соңында мәдениет үйі көркемөнерпаздары ұйымдастырған концерт қойылды.