Естеріңізге салсақ, көктемде орын алған қанды қылмыс Знаменка ауылын дүрліктірген болатын. 8 оқушы өздерінен үлкен жігітті жабылып ұрып өлтірген. Себеп - көз жұмған азамат бұларға көп уақыттан бері әлімжеттік көрсетіп, үйіндегі шаруаларды соларға істеткізіпті. Жасөспірімдерді ұрып соғып, ақша да бопсалаған көрінеді. Мұндай қорлыққа шыдамаған оқушылар оны буындырып өлтіріп, артынша мәйітті ауыл сыртына шығарып көміп кеткен. Қылмыс жасаған кезде айыптылардың кәмелеттік жасқа толмағаны ескеріліпті. Мектеп қабырғасынан биыл түлеп ұшуы тиіс болған олар енді 11 жылға қатаң тәртіптегі колонияға қамалды.