Ауылдасын өлтірген сегіз бозбала ұзақ жылдарға бас бостандықтарынан айырылды - ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған соты ауылдасын өлтірген сегіз бозбалаға үкім шығарды.


           Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 96-шы бабы бойынша айыпты деп танылған олардың әр қайсысына 11 жылдан жаза кесілді. Қылмыскерлер жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.
           Бұрын хабарланғандай, ШҚО Знаменка ауылдық мектебінің жоғарғы сыныбында оқитын 17 жастағы сегіз бала өздерінен бір жас үлкен ауылдасын буындырып өлтірген болатын. Олар 2009-2013 жылдар аралығында өздерін қорқытып жұмсап, ақша бопсалаған жігіттен осылайша өш алыпты.