Ауылшаруашылығы министрлігі 28 қыркүйектен бастап астық экспорттауға лицензиялар бере бастайды

"28 қыркүйектен бастап Ауылшаруашылығы министрлігі лицензия беруге дайын болады", - деп мәлімдеді А. Күрішбаев. "Біз бүгінде үлкен қарқынмен жұмыс істеп жатырмыз. Астық экспорттаушылар - потенциалдық сатушылардың басым бөлігіне ережелер жолданған. Олар қазір ережелерді зерделеу үстінде және тиісті құжаттар мен анықтамаларды дайындауда. Сөйтіп біз 28 қыркүйектен бастап лицензия бере бастаймыз", - деді ол.

Вице-министр астық экспорттаушыларға лицензия беру тәртібі 9-тамызда күшіне енген "Астық туралы" заңға сәйкес енгізілгенін еске салды. Бұл заңды жүзеге асыру үшін үкіметтің қаулысымен квалификациялық талаптар мен лицензиялық алымдардың ережелері бекітілген, олар 28-қыркүйектен бастап күшіне енеді.

"Бұл қаулы күшіне енгенге дейін , Бас прокуратура берген түсініктемеге сәйкес, ескі тәртіп жұмыс істейді. Кеден комитеті астық экспортына лицензия сұрауға тиіс емес", - деді А. Күрішбаев. Оның айтуынша, Бас прокуратураның тиісті түсініктемесі Кеден комитетіне жолданған.

"Бұл жаңалық астық экспортын әсте тежеуге тиіс емес", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті