Ауылшаруашылығы министрлігі ауылшаруашылық жерлердегі аса қауіпті зиянкестермен күрес шараларын қолдануды нұсқайды

"Болжам бойынша, 2008 жылы аса қауіпті зиянкестер 5,1 млн гектар аумақта таралады деп күтілуде (ал олармен күрес республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатыны белгілі) , бұл 2007 жылғымен салыстырғанда 380 мың гектарға артық", - деді А. Буць.

"Егер аса қауіпті зиянкестермен күрес толық республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болса, астық дақылдарының ауруларымен күрес небәрі 13% (302 мың гектарда) республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады".

"Жергілікті атқарушы билік органдары мен ауылшаруашылығының тауар өндірушілері осы жұмыстарды жергілікті бюджет немесе тауар өндірушілердің өз қаржысы есебінен қамтамасыз етуге шара қолдану қажет", - деді А. Буць.

Департамент басшысының мәліметіне сәйкес, жалпы алғанда егіс алаңы 19,6 млн гектарды, соның ішінде бидай мен бұршақ дақылдылар 16,0 млн гектарды, соның ішінде күздік бидай 12,9 млн гектарды, майлы дақылдар 754,6 мың гектарды құрайды.