Ауылшаруашылығы министрлігі жеміс және көкөніс өнімдерін өндіріп-өңдеумен шұғылданатын агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін несиелендіруге басымдық беруді ұсынады

"Банк саласындағы дағдарыс пен елімізде жеміс және көкөніс өнімдерін өндіруді дамытуға басымдық берілуін ескере отырып, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ""Қазына"тұрақты даму қоры" АҚ-ына жеміс және көкөніс өнімдерін өндіріп-өңдеумен шұғылданатын агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін несиелендіруге басымдық беруді ұсынды", - деді Айна Құсайынова.

Ол сонымен бірге, 2007 жылдың 1 -қаңтарынан бастап жеміс және көкөніс өнімдерін өңдеу және консервілеумен шұғылданатын кәсіпорындар үшін Қосалқы құн салығының ставкасы 70%-ға азайтылғанын еске салды.

Сонымен бірге, "ауылшаруашылығы шикізатын өңдеу, соның ішінде жеміс және көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын техникалық және технологиялық тұрғыда жаңалау үшін ағымдағы жылы лизингтік компаниялар мен екінші деңгейлі банктер беретін лизингтік жабдықтар бойынша сыйақы ставкаларына 80% дейін субсидия бөлінеді".