"Қазіргі таңда елімізде HACCP жүйесін енгізу жайы сын көтермейді", - деді А. Құсайынова.
Оның айтуынша, 2006 жылдан бері ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі арнаулы бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруда, "оның аясында кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшуге қатысты шығындарының 50% республикалық бюджеттен өтелуде".
"Алайда, облыстардағы жағдайды алып қарасақ, кәсіпорындардың небәрі 5% бүгінде осы стандарттарға көшіп отыр. Ақмола, Қостанай және басқа да бірқатар облыстарда ең осал ахуал байқалуда, бұларда халықаралық стандарттарға көшкен кәсіпорындардың саны 3%-дан аспайды", -деді А. Құсайынова.
Оның ақпаратына сәйкес, "ағымдағы жылы 83 кәсіпорын халықаралық стандарттаға көшу сатысында". "Алайда, кейбір облыстарда кәсіпорындардың бұл мәселеге жауапсыз қарап, аталмыш бюджеттік бағдарламаларға атсалысудан бас тарту оқиғалары көрініс беруде", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті