Ауылшаруашылық министрлігі аймақтарды ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізуге арналған жанармай қорын құруға шақырды

"Жанар-жағармай бағасы өсе бермек, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізуге жанармай дайындауды ертерек бастау қажет",- деп санайды ол.

Ауылшаруашылық министрінің пайымдауынша, "ауылшаруашылық өнімдерін өдірушілердің дизельдік отынға деген қажеттіліктері келер жылы 1 млн тоннаға, соның ішінде көктемгі егіс науқаны үшін 330 мың тоннаға жетіп жығылады".

"Ауылшаруашылық министрлігі облыстарды республиканың мұнай өңдеуші зауыттарына келер жылы жұмыстар жүргізуге дизельдік отын тасымалдау үшін ай сайынғы жөнелтілім кестесімен шартты бекіту жүргізген. Шартты бекіту жобасы Энергетика министрлігіне келісуге жіберілген, бұл кесте бекітеледі деген үміттемін",- деп атап өтті А. Есімов.

Ол, өткен жылы "жанармай бағасының маусымаралық төмендеуінің байқалғандығын, ал үстіміздегі жылы ахуалдың басқаша болғандығын, дизельдік отын бағасының төмендемегендігін" еске сала кетті.

Атап айтқанда, оның айтуынша, 2007 жылдың басында дизелдік отынның көтерме бағасы бір тоннаға шаққанда 440 АҚШ долларын құраған, бүгінде - 620 АҚШ долларын құрап отыр. "Біз мұнай өнімдерінің экспорттық кедендік баж салығының мөлшерлемесіне қатысты мәселені қарастыру туралы ұсыныс жасаймыз",- деп атап өтті ауылшаруашылық министрі. А. Есімовтың хабарлауынша, "Кедендік бақылау комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, дизельдік отын экспорты (жыл басынан бері) 630 мың тоннаны құраған, бұл 2006 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 32 пайызға артық, ал бұл көрсеткіш 2007 жылдың соңына дейін 800 мың тоннаны құрауы мүмкін". "Әзірге уақыт барда кедендік баж салығына қатысты шешім қабылдап, мұнай өңдеуші зауыттар мен негізгі мұнай өнімдерін тасымалдаушылардағы баға белгілеу мәселесін қарастыру керек",- деп қорытындылады А. Есімов.