"Бекіре тұқымдас балық өсіретін жаңа зауыт құрылысы жөнінде биологиялық негіз әзірленетін болады. Оны пайдалануға берген жадайда тауарлық балық шаруашылығының маңызды бағыттарының бірі - тауарлық бекіре тұқымдастар шаруашылығын дамытудың перспективасы пайда болады",- деп хабарлады Қ. Сүлейменов.
Оның айтуынша, қуаттылығы жылына 15 - 20 млн дана шабақ шығаратын бекіре тұқымдастар өсіретін зауыттың құрылысы туралы ұсыныс 2007 жылы үкімет қарауына жіберілген. "Қазіргі уақытта премьер-министрдің кеңсе басшысының тапсырмасы бойынша бұл ұсыныс заңмен бекітілген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдарда пысықталуда",- деді Қ. Сүлейменов.
Ол сондай-ақ, республикалық бюджетте үстіміздегі жылы аталмыш зауытты салатын алаңды таңдау бойынша биологиялық негіз әзірлеуге 4 млн теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылғандығын атап өтті.