"Ауылым-алтын бесігім" шарасы аясында жиналған қаржыдан 3,5 млн. теңге Оңтүстік Қазақстан облысында Бәйдібек бабаға ескерткіш тұрғызуға жұмсалды

Шара нәтижесінде ауданда 7 млн. 234 мың теңге жиналған. Бұл қаржының 3,5 млн. теңгесі Бәйдібек бабаға арнап ескерткіш тұрғызуға, 1,2 млн. теңгесі ауданның ардақты азаматтарының құрметіне аллея ашуға жұмсалды. Сондай-ақ, ауылдағы 12 кедей отбасына 525 мың теңгенің шағын несиесі бөлініп, көп балалы 9 отбасына қайтарымсыз көмек түрінде 60 мың теңге берілді. Аудандағы кедей отбасыларға 184 мың теңгеге 8 тонна ұн таратылды. Ауданның 79 жылдық мерейтойы мен Бәйдібек бабаға арнап ескерткіш ашуға 628 мың теңге жұмсалып, мерейтой қонақтарына сый-сияпат, тарту-таралғылар алуға 178 мың 261 теңге бөлінді.

Сондай-ақ, шара барысында жиналған 1 млн. теңге Жамбыл облысы Құлан елді мекеніндегі жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнап аударылды.
Бұған қоса, шараға қатысушылар ауданның инфрақұрылымын дамыту үшін құрылыс материалдары және қызмет түрінде 57,5 млн. теңге бөлуге уәде берген. Соның арқасында ауданда 200 оқушыға есептелген орта мектеп құрылысы салынуда. Мектеп құрылысы 40 млн. теңгеге бағаланып отыр. 8 млн. теңге Ақбастау ауылында МТС ашуға жұмсалды. Қалған қаржы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандар салуға арналады.