Ауыр атлет Александр Уваров Азия чемпионатының күміс медалін алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Александр Уваров күміс жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде 153 келі, серпе көтеруде 190 келіні көтерді.

Бұл салмақта Солтүстік Корея өкілі топ жарса, қоланы Түркменстан спортшысы иеленді.

Әлібек Рақымберді 5-орынмен шектелді.