Ауыр атлет Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды әкелді

Күмісті Лондон олимпиадасының чемпионы қытайлық Люй Сяоцзянь иеленді. Ол да 379 килограмды көтерген. Бірақ жеке салмағы бойынша Рахимовқа жол берді. Қоланы египеттік Мохаммед Махмуд алды – 361 кг.

Нижат Рахимов 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатында 77 килограмм салмақта алтын алған. Ол Қазақстанға 2013 жылы Әзербайжаннан келген.