Ауыр атлетика: Алаш елі алтыншы орында

Біріншіліктің жеңімпазы Ресей, екінші сатыда «әліптің артын баққан» Қытай, ал үшінші Солтүстік Корея. Өзбекстан командасы кішігірім «сенсация» қылды, 1 алтын және 1 қола еншілеген ала шапанды көршілеріміз жалпы есепте төртінші. Жалқы алтынның жалына жармасқан Тайвань бестікке ілінді.

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты елордамыз Астанада өтеді. Аталмыш додада Рио-де-Жанейро олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.