Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты алдағы жылғы қазан айында өтетін болды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы енді осынау дүбірлі спорт бәсекесінің өтетін дәл уақытын жариялады.

Ұйымдастырушы елмен келісе келе федерация әлемдік сынды қазан айының 16-23 аралығында өтеді деп шешіп отыр.

Ал жасөспірімдер арасындағы Ташкентте өтетін әлемдік сын 6-13 сәуірге белгіленде. Жастар арасындағы Лима (Перу) әлем біріншілігі 3-11 мамырда өтеді.

2013 жылы Астанада өтетін Азия чемпионатының уақыты әзірге белгіленген жоқ, деп хабарлайды «Аламан» сайты.