Ауыр атлетика: Қазақстан құрамасы Түркияда өтетін әлем чемпионатына қатысады

Оған Қазақстан құрамасы да қатысады. «Біздің спорт» сайтының мәліметінше, бұл әлем біріншілігінде біздің еліміздің намысын әйелдерден - Маргарита Елисеева (48 кг), Светлана Черемшанова (53 кг), 2009 жылғы әлем чемпионы - Майя Манеза (63 кг), Анна Нұрмұханбетова (69 кг), 2009 жылғы әлем чемпионы - Светлана Подобедова мен Татьяна Хромова (екеуі де 75 кг) және Александра Аборнева (+75 кг), ал ерлерден - Қуаныш Рахатов пен Рүстем Сыбай (екеуі де 77 кг), Владимир Кузнецов пен Ербол Мейірманов (екеуі де 85 кг), әлем чемпионы - Владимир Седов пен Алмас Үтешов (екеуі де 94 кг), Сергей Истомин мен Сергей Вашанов (екеуі де 105 кг) қорғайды.

Бұл чемпионатқа Бейжің олимпиадасының чемпионы Илья Ильин мен 2009 жылғы әлем чемпионы Зүлфия Чиншанло және Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Мария Грабовецкая қатыспайды. Олар Қытайда өтетін Азия ойындарына қатысу үшін қазіргі уақытта қазіргі уақытта Текеліде дайындықтарын пысықтауда. Ал, Азиадаға баратын қалған спортшылар Анталияда өтетін әлем чемпионатының қорытындысы бойынша анықталатын болады. «Анталиядағы әлем чемпионаты лицензиялық болғандықтан, әр ел оның қорытындысы және Францияда өтетін келесі біріншіліктің нәтижесі бойынша ұпайлар жинауы тиіс. Ол ұпайлар әрбір елге 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиадада өнер көрсететін спортшыларды таңдауға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз - біздің команда Анталияда кем дегенде бір алтын медальді жеңіп алуы тиістігін білдіреді», дейді Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни.