Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: кім, қашан сынға түседі?

 Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) мәліметіне сүйенсек, Алматыда  75 мемлекеттен жалпы 683 ауыр атлет (279 әйел + 404 ер) бақ сынамақ.

Бүгінде Алматыға әлем біріншілігіне қатысатын мамандар мен спортшылардың алды келіп те үлгерді. Бәсекенің ашылу рәсімі қарашаның 8 күні сағат 17:30 өтеді.

Бүгін Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мұшелері, нақтырақ айтсақ, кімнің қай күні, қашан сынға түсетіні белгілі болды.