Ауыр атлетикадан әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы екі алтынмен аяқтады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құрама еншісінде екі алтын медаль бар. Нұрдос Сабыр (89 келі) мен Аянат Жұмағали (76 келі) чемпион атанды. 

Ал Ақжол Құрманбек 67 келіде күміс алса, Сания Орманбаева (81 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.