Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты маусым айында Астанада өтеді


Жалпы Азия чемпионаты сәуір айының басында өтеді деп жоспарланған. Бірақ құрлықтық федерация Ташкентте жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтетіндіктен Азия чемпионатының уақытын кейінге шегерді. Жарысқа сары құрлықтан отызға жуық ел қатысады деп күтілуде.