«Сайыстың бірінші күнінің жеңімпазы (48 келі) допинг сынақтан өтуден бас тартты. Соған байланысты медальдан, диплом мен 250 мың теңгенің сертификатынан айырылды. Алтын, күміс және қола жүлделер сәйкесінше біріншілікте екінші, үшінші және төртінші орын алған спортшыларға берілді», - делінген хабарламада.
Сонымен алтын жүлде Галина Момотоваға - 145 кг (65+80), күміс жүлде Марина Кокошкаға - 129 кг (56+73), ал қола медаль Гүлдария Сәткенге - 75 кг (35+40) бұйырды.
Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстанның ашық чемпионаты Талдықорғанда сәуірдің 19-ы басталды, 23-інде аяқталады.