Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ресми бекіткен тізімге әлемнің 91 елінен 260 ауыратлет енген.
Қазақстаннан Олимпиадаға сегіз ауыратлет қатысады: бес ер адам - Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін) және Александр Зайчиков (105 келіге дейін) және үш әйел - Маргарита Елисеева ( 48 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін). Ауыр атлетикадан барлығы 15 медальдар жиынтығы ойналады, деп хабарлады Sports.kz.
Олимпиада ойындары -2016 Рио-де-Жанейрода 5-21 тамыз күндері өтеді.