Ауыр салмақтағы қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсіріп, ширек финалға шықты


Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы боксшы моңғолиялық Ерболат Тұрлыекпен жұдырықтасты. Бірінші раундта боксшылар бір-бірін аңдып баққан. Ал екінші раундта қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсірді. Үшінші раундта Қоңқабаев жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Еске салайық, бокстан Азия чемпионаты Ташкентте өтіп датыр және Германияда өтетін әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі болып есептеледі.