Бұл туралы Tengrinews.kz PerthNow-ға сілтеме жасап хабарлайды.
94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы зілтемірді иығына көтеріп, басынан асыруға шамасы жетпеді. Ол зілтемірді жерге құлатып, өзі де сұлап түсті. Дәрігерлер ауыратлетке көмектесуге кірісті, алайда бірнеше минуттан соң ол есін жиып, көрермендердің қошеметімен тұғырдан өз аяғымен кетті.
Мамандардың айтуынша, есінен талып қалуға ауа жетіспеушілігі себеп болған.
Оқи отырыңыз:
«Мұның бәрі жалған қойылым» - Қазақстандықтар неліктен атышулы «Қалаулымның» жабылғанын қалайды