Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Ауызы боққа толған мына унитазға тоқтау салатын біреу табыла ма?
Мына боқбас блогерсымақты кіп-кішкентай балалар, жастар көріп, тура осының сөздерін қайталайтын болыпты… "Ауламыздағы балалар осыны өліп-талып көреді, осы боғауыздың жұқпалы сөздері балаларға түгел жұғып болды… тәрбие көрмеген тексіз бұл наданның мына тірлігін қалай тоқтатуға болады? Қашан біздің ақпарат кеңістігімізді осындай боқтардан тазалайды? Балаларымызды бұндайдардан қорғауға өкімет көмектеспесе, біздің күшіміз жетпейді… осыны жоғарыға жеткізіңізші… " дейді ауладағы ата-аналар…
20 секунд қарай қойып едім, қаным басыма шауып, төбе шашым тік тұрды…. түрі, дауысы, сақалы тіпті жүректі айнытады…. бұйрабас жартыбасыңды ұрайын…
Депутат мырзалар, бұл мәселеге қашан назар аударасыздар? Тәрбиесіз, санасыз, тексіз, надан болашақ қалыптасып келе жатыр”, - деп жазды журналист.
Сондай-ақ, ол ар-ұяттан жұрдай блогерлерді Тәжікстан еліндей еден жуғызып, көше сыпырту керек екенін жазды.
”Ар-ұяттан жұрдай, намыстан жұрдай, этика-эстетикадан жұрдай, ішкі-сыртқы мәдениеттен жұрдай, ұждансыз, боғауыз, көргенсіз, тәрбиесіз, тексіз блогерсымақтарды қашан тыясыздар???… Оларға дәл осылай еден жуғызып, көше сыпырту керек”, - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.