"Аузың өзіңде", "Сөзім қиқы-жиқы шықты": "Қалаулым" бағдарламасының жүргізуші масқара болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бағдарламаны жүргізу барысында жарнамаға кезек беретін сәтте қатысушының сөзін бөліп, "Сөзің аузыңда" демек болған Шынар Меджанова "Кенже, аузың өзіңде" деп масқара болды.

Сөзінен жаңылған тележүргізуші "сөзім қиқы-жиқы" шықты деп тағы да күліге қалды. Онымен қоймай, "Сіздерді күлдірткеніме, ютубта хит болғаныма қуаныштымын" деп еш қысылмай, өз-өзіне риза болды.