Кэмерон және оның достары бір мезгілде 3 серияны қатар әзірлеп жатыр. «Сондықтан, жұмыс өте ауыр», - деді «Терминатор», «Титаник» сынды кинолардың авторы Д.Кэмерон.
Негізі «Аватардың» жаңа сериясы 2016 жылы көрсетілуі керек болған. «Қазір 3 серия сценариі қатар жазылып жатыр, суретшілер кейіпкерлерді сомдап, декорацияларды ойластыруда», - дейді режиссер.
3 серия да алдыңғы фильм ізімен Жаңа Зеландияда түсіріледі. Еске сала кетейік, «Аватар» фильмі 2009 жылы кинематография тарихында ең көп табыс тапқан фильм болды. Ол әлем бойынша прокаттан 2,8 млрд.доллар жинады. «Аватар» «Оскар» жүлдесінің 3 сыйлығына ие болды.