Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Заңгер өз пікірін желідегі парақшасында білдірді.
"Euronews сияқты белді ақпараттық ресурс Әзірбайжан тарапы ұсынған деректерге сүйене отырып, бірнеше сағат бұрын Ақтауда ұшақтың құлау себебі Грозныйда Ресей тарапынан болған ПВО-ның тиюі мүмкін деген ақпаратты жариялады. Оған қоса аталған себеп анықталмауы үшін, ұшаққа өзге ресейлік қалаларға қонуға әдейі рұқсат берілмеген.
Осы жаңалықтардан кейін Мәжіліс депутаттары Air Astana компаниясына айтылған сынға басқа көзқараспен қарауға тура келеді.
«Эйр Астана», Ресейге ұшпайды. Компания соғыс басталғалы бері барлық рейстерден бас тартты , ал 2024 жылы компания президенті Питер Фостер рейстерді жандандыру жоспарда жоқ екенін тағы да қайталап айтты. Бұл шешім саяси сипатта емес, одан да маңызды себептерге байланысты қабылданды. Ресей аумағына халықаралық сақтандыру компаниялары ұсынатын сақтандырумен қамтамасыз ету тетігі өз жұмысын тоқтатты.
Осы жерде мынадай заңды сұрақ туындайды - не себепті «Эйр Астана» ұшақтары халықаралық компанияларда сақтандырылады, не себепті Қазақстан мен Ресейде емес? Жауабы баршаға мәлім - себебі олар лизингте және Ирландияда тіркелген. Мысалы сіз үй немесе пәтерді ипотекаға аласыз, десе де банк сізді мүлікті сақтандыруға міндеттейді, ал өзі пайданы тұтынушы болады. Бұл жерде де дәл осы логика - ұшақтар лизингте болғандықтан, сақтандыру талаптарын қаржыны беруші тарап шешеді.
Демек «Эйр Астана» ұшақтары Ресейде ұшпайды, олар онда оқтың астында қалу қаупінен сақтандырылған, демек түрлі қайғылы жағдайлар орын алмайды. Яғни, әлемде авиациялық лизинг деген сияқты тамаша нәрселердің арқасында, қайғылы жағдайлар болмайды.
Біздің депутаттарға адамның күлкісін келеке етпей, келесі жолы арнайы білімді талап ететін мәселелерді талқылау керек. Және жай үстіртін ғана емес, алдын ала 3-4 қадам бұрын талқылаған жөн. Авиация – күрделі индустрия. Бұл сіздерге көп әйел алуды талқылау емес.
Ал, бізге объективті зерттеуді күтуге тура келеді, себебі әзірбайжандық тарап меніңше дәл осыны көздеп отыр. Олар кінәлілердің жазалануына сенеді", - деп жазды ол.
⠀