А.Винокуров Лондон Олимпиадасының екінші алтыны үшін таласады

Vesti.kz порталының хабарлауынша, бұл ақпаратты ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Спорт және жоғары жетістіктер департаментінің директоры Тастанбек Есентаев қуаттаған.

«Александр Винокуров қазір бағдарлама бойынша жаттығуда. 1 тамыз күні ол Асан Базаевпен бірге уақытқа жарысқа қатысады. Қазір ғана машинаға тапсырыс бердік. Сондықтан барлығы да жоспар бойынша, өзгеріссіз өтеді», - деді ол.