А.Винокуров өзінің алтын медалі олжалы болды деп есептейді

Бұл туралы ол 16 қыркүйек күні Алматыда өткен велошеруден кейін айтты.

Осы күні А.Винокуров өзінің 39 жылдығын атап өтті. Алматыда өткен шеруден кейін барлық қатысушылар Винокуровты туған күнімен құттықтады. «Виноның» өзі де шет қалмады, ол қала әкімі Ахметжан Есімовке өзінің жеңіске жеткен шлемін сыйға тартты.

Еске салайық, А. Винокуров Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының бірінші күнінде Қазақстанға алғашқы «алтынды» алып берді.