деп хабарлады білім басқармасынан.
Хореографиялық ұжымдардың осынау шығармашылық жарысына Испания, Португалия, Ресей, Қазақстан және Израиль елдерінің бас бишілері қатысты.
Конкурстың қазылар алқасына кірген Еуропа мен Азияның танымал мәдениет қайраткерлері, қазақстандық жас бишілердің шеберлігін ерекше атап өтті. «Блэйз» студиясының бишілерінің халықаралық конкурстардан қанжығалаған наградалар қоржыны енді испандық жүлдемен толығып отыр.
Павлодарлық бишілер «Фламенко» биінің шеберлік сабақтарынан және испандық кәсіпқой бишілердің өнерлерінен тамаша әсер алғандарын айтуда.