Австралия Алматыда сауда өкілдігін ашпақ

Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесу барысында оның австралиялық әріптесі Кевин Радд мәлімдеді, дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кеше Астанада болған кездесуде тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және аймақтық бірлестіктер шеңберіндегі өзара байланыс мәселелерін қарастырды.