"Мен келіссөздер жақында сәтті аяқталады деген ойдамын. Біз Қазақсанды ДСҰ қатарынан көруді күтеміз", - деді Р. Тайсон Астанада Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен болған кездесуден кейін.
Әңгіме барысында тараптар бірқатар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, атап айтқанда, ауыл шаруашылық, сауда, білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
К. Мәсімов Австралия үкіметінің басшысын Қазақстанға келіп қайтуға шақырды. Сондай-ақ, екі елдің министрліктері мен ведомстволарының өкілдері арасында сапар алмасу процессінің белсенділігін арттыруға ұсыныс тастады. Австралияның төтенше және өкілетті елшісі ҚР премьеріне көрсетілген қонақжайлылық пен Қазақстанда оған көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді.