Австралия шетелге соғысқа барғандарды түрмеге отырғызуға ниетті

Саясаткердің сөзіне қарағанда, заң қабылданған жағдайда, содырлардың жағында соғысқан азаматтар үйлеріне оралған бетте ұзақ мерзімге абақтыға қамалатын болады.

Сонымен қатар қауіпсіздік қызметтеріне топтармен байланысы үшін күдікті саналатын адамдарды тұтқындау құқығы берілуі мүмкін.

Бұған қоса, заң жобасына сәйкес, қақтығыстардың «тыйым салынған аймақтарына» австралиялық азаматтардың сапарлары да қылмыс ретінде саналуы ықтимал.

Өткен аптада Австралияда ел тарихындағы ең ауқымды лаңкестікке қарсы операция басталды.


Эбботтың айтуынша, арнайы қызметтерге елдегі мемлекеттік қызметшілерге шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат келіп түскен.