Реанимациялық бригада алаңға тек 23 минуттан соң келген. Жедел жәрдемнің осындай жайбасарлығы жанкүйерлер мен ойыншылардың наразылығын тудырыпты. Себебі адам өміріне қауіп төнген жағдайда Австралия жедел жәрдемі 8 минут ішінде науқасты алып кету қажет екен. Ал жарақат алған Фил Хьюз екі күн жансақтау бөлімінде жатып, бүгін көз жұмды. Айта кетерлігі, крикетте пайдаланатын доптың салмағы 160 грамм. Бірақ оны лақтырған соң сағатына 140 шақырымға дейін жылдамдық жинайды. Хьюстың алған жарақатын мамандар ірі көлік апатымен пара-пар деп отыр.