Австралияда із-түссіз жоғалып кеткен малайзиялық ұшақты іздеу қайта жалғасты


ЭФЭ агенттігінің хабарлауынша, техникалық ақау салдарынан іздеуді тоқтатқан Bluefin-21 роботы мұхит табанына қайта түсіріледі.

Іздеу 28-мамырға дейін жалғасын таппақ. Содан соң команда тағы үш күн тынығады.

Куала-Лумпур – Бейжің бағыты аттанған малайзиялық «Боинг-777» ұшағы 8-наурыз күні жоғалып кеткен болатын. Ұшақ бортында 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. Олардың басым бөлігі Қытай азаматтары.