Австралияда су басқан көшелерде қолтырауындар жүзіп жүр

Адамдарды қауіпті аймақтардан шұғыл көшіріп жатыр, деп хабарлады The Telegraph.

"Су басқан көшелерде жүзіп жүрген қолтырауындарды көрдік. Олар футбол алаңдарында да байқалды", - деді қала тұрғыны Дэйли-Ривер. 

Жергілікті құтқару қызметінің басшысы Эндрю Уортон елді мекен тұрғындарына абай болуға кеңес берді.

Полиция ақпаратынша, тропиктік жауын-шашындар салдарынан бір адам қаза тапты, тағы бір адам із-түзсіз жоғалған.