Австралияда «Toyotа» көліктерінің өндірісі тоқтамақ


Автокөлік саласындағы жапондық алпауыт компания өндірістің жабылуы мығым австралиялық долларға, үлкен шығындарға және нарықтағы жоғары бәсекелестікке байланысты екенін түсіндірді.
Елдің Премьер-Министрі Тони Эбботт компания өкілдерін осы шешімдерін өзгертуге шақырды.
Жапондық компания осы елден кеткен жағдайда Австралияда автокөлік өндірілмеуі мүмкін.
Өткен жылы америкалық «General Motors» және «Ford» компаниялары осы елде көлік өндірісін тоқтату жоспары жайында жариялаған болатын.