Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 21 қазанынан 22 қазанына қараған түні 321 бас ІҚМ-ды тасымалдау кезінде ұшақтың желдеткіш жүйесінің техникалық ақауының нәтижесінде 49 мал өлімі болды. Бұл оқиға бойынша әуежайдың кезекші мал дәрігері, облыстың және Алматы қаласының ветеринарлық қызмет бастығы іске жұмылдырылған болатын. Зертхана сарапшылары талдау жүргізу үшін сынама алды. Сонымен бірге, мал өліктерін пайдаға асыру бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін, экологиялық және кеден қызметтері тартылды. Бұл оқиғаға тасымалдаушылар себепкер болғандықтан, мал өліміне байланысты шыққан шығындардың бәрін тасымалдаушылар мен сақтандырушылар көтереді.
Қазақстан Республикасының аумағына Австралиядан ет бағытындағы асыл тұқымды ІҚМ әкелу бойынша іс-шаралар ет бағытындағы ірі қара мал сатып алу бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен «Архарлы-Майбүйрек» ЖШС арасында жасалған қаржы лизингі шарты бойынша жүзеге асырылған болатын.
Қазіргі кезде өлген малдың іштерін сойып, талдау алу бойынша және олардың өліктерін кейін мал қорымына пайдаға асыру бойынша ветеринарлық және экологиялық іс-шаралар жүргізілуде.