Австралиялық азаматша Эбола жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Бұл туралы кеше батыс ақпарат құралдары мәлімдеді.

Қыз он бір күн бұрын осы ауру тіркелген Гвинеядан оралған. Қазіргі кезде науқас ауруханада карантинде.

Австралия азаматшасына нақты диагноз қоюға мүмкіндік беретін анализдердің қорытынысы дүйсенбі күні белгілі болмақ.