«Ұлт жоспарының 74-ші қадамын орындау үшін жер қойнауын пайдалану саласына халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Облыста 286 кен орны бар. Оның 34-і металды, екеуі - металды емес, 217 кен орны құрылыс және технологиялық шикізатын шығаратын және 33 кен орны жер асты суларының кен орны. Тайынша ауданында титан-циркони кенінің ірі кенорындары, Есіл ауданында алтын, Уәлиханов ауданында уран және Айыртау ауданында қалайы шығарылады», - деп хабарлады облыс әкімі.
Е.Сұлтанов хабарлағандай, биыл мамырында Австралияның «ILUKA RESOURCES» компаниясы облыстың жер қойнауын зерделеу жөніндегі жұмыстарды бастайды деп жоспарлап отыр. Оң нәтиже берген жағдайда, компания кен және байыту фабрикасын салуға қатысты егжей-тегжейлі барлау жүргізеді», - деп хабарлады әкім.