Австралиялық отбасы Malaysia Airlines компаниясының «Боинг» ұшақтарымен болған екі апатта да туыстарынан айырылды

Бұған дейін биылғы жылы Ирэн мен Джордж Барроуз Malaysia Airlines компаниясының наурыз айында жоғалып кеткен "Боинг-777" ұшағында болған ұлы Родни мен оның зайыбы Мэриден айырылған болатын.

Бейсенбі күні Украинаның шығысында болған апатта Барроуздардың немересі Мари күйеуі Альбертпен қайтыс болғаны мәлім болды.

Malaysia Airlines әуе компаниясының Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алған "Боинг-777" ұшағы Украинаның шығысында апатқа ұшырады. 298 адам қайтыс болды.


Қайтыс болғандардың арасында 27 шақты австралиялық азамат бар.