Австралияның арнайы қызметі Индонезия президенті мен оның қасындағыларды ұялы телефондары арқылы тыңшылық жасаған

АҚШ ЦРУ бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнен алған мәліметтер негізінде австралиялық электрондық барлау қызметі 2009 жылы тамыз айында 15 күн бойы С.Йодхойононың ұялы телефонының белсенділігін тіркеген.

Президенттің телефонымен қатар оның зайыбының, Индонезияның бұрынғы вице-президентінің, СІМ баспасөз хатшысының, қауіпсіздік министрі мен ақпарат министрінің телефондары да тыңдалған.