Австрия мен Грузия құпия алмасу жөнінде келісті

Тараптар Оңтүстік Кавказдағы жағдайды, аймақта орын алған оқиғалар жайын талқылады. Сонымен қатар Грузия тарабы «басып алынған территориялардың» (Абхазия мен Оңтүстік Осетия) жағдайын, сондай-ақ грузиялық-ресейлік қарым-қатынас жайын таныстырып өтті.

Михаэль Шпиделеггер «Австрия Грузияның территориялық тұтастығы мен бірлігі ұстанымынан тайынбайтындығын» жеткізді.

Грузия мен Австрияның сыртқы істер министрлері жыл сайын даму үстіндегі екі жақты серіктестік мәселелерін талқылады.