Австрияда автобус апатқа ұшырады, 22 турист зардап шекті

Қытайдан келген 22 турист зардап шекті, олардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Xinhua агенттігі.

Апат Инсбрук қаласынан 50 шақырым қашықтықта болған. Оқиға орнына төрт тікұшақ пен жедел жәрдем көлігі келді. Зардап шеккен туристер ауруханаға жеткізілді.